"Halyk Finance" АҚ жалғыз акционері 2019 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдағаны туралы хабарлады

22.10.20 16:04
/KASE, 22.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада –"Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 20 қазанында жалғыз акционерінің 2019 жылға компанияның жай акциялары бойынша өткен жылдың бөлінбеген таза табысынан 1 998 905 370 теңге төлеу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_decision_sole_shareholder_201020_7 07.pdf [2020-10-22]