"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.10.20 09:58
/KASE, 21.10.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 917 610 000 дана; - компанияның 792 076 565 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ" ҰЛТТЫҚ ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫ" АҚ болып табылады. [2020-10-21]