"Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ жалпы көлемі 750 млн АҚШ доллары еурооблигацияларын табысты орналастырғаны туралы хабарлады

14.10.20 18:00
/KASE, 14.10.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (Нұр-Султан) Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 14 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ («ҚМГ») жалпы 750 млн АҚШ доллары көлемінде 12,5 жылға еурооблигация шығарылымын АҚШ-та 144а Қағидасына сәйкес және АҚШ-тан тыс жерлерде S Ережесіне (Reg S) сәйкес ойдағыдай орналастырылғанын хабарлайды. ҚМГ 2020 жылғы 14 қазанда инвесторлардың сатып алу туралы жаһандық өтінімдерін жинақтау қорытындысы бойынша жаңа еурооблигациялар ойдағыдай орналастырылғанын хабарлайды. Өтінімдерді жинақтау 6 қазанда өтіп, мәміле бойынша бағаның деңгейі бір күннің ішінде сәтті белгіленді. Ол Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлардың жаһандық өтінімдерін жинақтаумен қатар «Қазақстан қор биржасы» АҚ жазылу арқылы жүргізілді. Өтеу табыстылығының бастапқы деңгейі 3,875% шамасында орнатылған болатын. Бірақ инвесторлар тарапынан аса қызуғушылық танытылғандықтан аталған көрсеткіш 3,500% деңгейінде қайта қаралды. Яғни, табыстылық 37,5 базалық пунктіге жақсарды. Жоғарыда аталғандай, ҚМГ еурооблигациялары едәуір сұранысқа ие болды. Халықаралық инвесторлар тарапынан өтінімдер көлемі 3 млрд АҚШ долларынан асып түсті. Сол себепті ҚМГ 750 млн АҚШ доллары көлеміндегі еурооблигацияларды өз тарихындағы ең төмен 3,5% табыстылық деңгейінде 12,5 жылға орналастырды. Жаңа шығарылымның табыстылығы ҚМГ табыстылық деңгейімен және 12,5 базистік пункт мөлшерінде бағаланған теріс сыйақыға сәйкес белгіленді. Ол АҚШ долларындағы ТМД елдері эмитенттері арасында өтеу мерзімі 10 жылдан астам жаңа еурооблигациялар шығарылымы үшін ең төмен табыстылық деңгейі болып табылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_141020_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-10-14]