"BCC Invest" АҚ Директорлар кеңесі акционерінің артықшылықты сатып алу құқығымен 1,5 млрд жай акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады

20.10.20 14:06
/KASE, 20.10.20/ – Үлеспұлдары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит - Валютный" аралық үлеспұл инвестициялық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "BCC Invest" АҚ), 2020 жылдың 09 қазанында Директорлар кеңесінің 1 490 000 000 жай акцияларын артықшылықты сатып алу құқығымен сату арқылы бір акцияға 2,2157 теңгеден орналастыру жөніндегі шешімі туралы хабарлады. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/BCCI/bcci_info_reshenie_sd_091020_628.pdf [2020-10-20]