"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

19.10.20 14:59
/KASE, 19.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Нұр-Сұлтан, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 68 483 587 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ болып табылады. [2020-10-19]