14 қазаннан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS2242422397 (KMGZe16) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

14.10.20 15:21
/KASE, 14.10.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссияның 2020 жылдың 14 қазанындағы шешімімен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) XS2242422397 ($750,0 млн, 14.10.20 – 14.04.33, жартыжылдық купон, жылдық 3,50 %; 30/360) келесі облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының халықаралық "облигациялар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 14 қазанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ бірлескен қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" және "SkyBridge Invest" АҚ. Аталмыш облигациялардың қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) KMGZe16. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады – http://kase.kz/ru/issuers/KMGZ/ [2020-10-14]