14 қазаннан бастап Қор нарығында орталық контрагентпен жасалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асырғанда клирингілік қатысушылардың төлемдерін сәйкестендіру үшін арнайы кодтардың тізіміне енгізілген толықтыру қолданысқа енгізілді

14.10.20 15:23
/KASE, 14.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 13 қазанындағы шешімімен "Қор нарығында орталық контрагентпен жасалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асырғанда клирингілік қатысушылардың төлемдерін сәйкестендіру үшін арнайы кодтардың тізімі" (Тізім) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 1 толықтыру бекітіліп, осы толықтыру 2020 жылдың 14 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді. Клирингілік қатысушылардың кастодиандық шоттарынан сауда-саттық жүргізу үшін арналған, кастодиандық ақшаларды сәйкестендіру және есеп алу мақсатында, Тізім сәйкестендірілген төлемдерге арналған "KASI/C+10x" (ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сегрегацияланған кастодиандық есеп- шоттың нөмірін көрсетумен) арнайы кодпен толықтырылды, осы шот клирингілік қатысушылармен ASTS+ СКЖ сегрегацияланған кастодиандық шотта көрсетілуі үшін KASE корреспонденттік шотына ақша аудару үшін колданылуы мүмкін. Жаңартылған Тізім KASE интерне-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/special_codes.pdf мекен-жайында жарияланады. [2020-10-14]