АНОНС: ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП 30 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ

15.10.20 10:40
/KASE, 15.10.20, 06.10.20 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2020 жылдың 20 қазанынан бастап 30 қарашасына дейін акциялар нарығында жеке инвесторлар арасында байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Іс-шара Қазақстандағы биржалық сауда-саттықты танымал етуге бағытталған. Байқауға қатысу үшін тіркеу 2020 жылдың 09 қазанынан 15 қарашасына дейін жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін https://kase.kz/ru/events/show/contest/registration/ сілтемесі бойынша электрондық тіркеуден өтуі тиіс. Байқауға KASE қор нарығы мүшелерінің клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар (брокерлер) қатыса алады. KASE мүшелерінің тізімі http://kase.kz/ru/membership/#brokers мекен-жайында жарияланған. Байқауға қатысушылардың шартына сәйкес өту кезеңінде KASE Индексінің өкілеттік тізіміне енгізілген, акциялармен нақты сауда-саттыққа қатысады. Байқау өту кезінде қатысушылар көрсетілген акцияларды сатып алу және/немесе сатуға мәміле жасауды талап етеді. Байқаудың жеңімпазы болып акциялармен мәміле жасау кезінде максималды табыс тапқан үш қатысушы танылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады (смартфондар, планшеттер). Байқау туралы нақты ақпаратпен https://kase.kz/ru/events/show/contest/2020/ мекен-жайында танысуға болады. Барлық сұрақтар бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс Департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз: – қала телефоны: +7 (727) 237 6019; – электрондық почта: customers@kase.kz. KASE ішкі құжаты "Сауда-саттық және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің регламенті" https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-10-15]