14 қазаннан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00006849 (AGKKb13) және KZ2C00006922 (AGKKb14) облигацияларымен Қазақстан қор биржасында сауда-саттық ашылады

13.10.20 12:05
/KASE, 13.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 14 қазанынан бастап, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) облигацияларымен сауда-саттық ашылатындығын хабарлайды: - KZ2C00006849 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" секторы, AGKKb13; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 08.07.20 – 08.07.21; жылдық купон, жылдық 10,75 %; 30/360); - KZ2C00006922 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" секторы, AGKKb14; 1 000 теңге, 30,5 млрд теңге; 26.08.20 – 26.08.30; жартыжылдық купон, жылдық 10,75 %; 30/360). Аталмыш акциялармен баға белгілеу дәлдігі KASE сауда-саттық жүйесінде номиналдан пайызбен көрсетілген, облигациялардың таза бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы - қазақстандық теңге. Аталмыш бағалы қағаздар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/AGKK/ мекен-жайында жарияланады. [2020-10-13]