"Самұрық-Энерго" АҚ Алматы ЖЭО-3 қайта құрылымдау жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастады

13.10.20 11:49
/KASE, 13.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 13 қазанында Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы Республиканың аса ірі электр энергетикалық холдингі – «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы ЖЭО-3-ті жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге қажетті корпоративтік рәсімдерді бастады. ЖЭО-3-ті көмірден газға көшірудің мүмкіндігін компания 2019 жылы алдын- ала есептеп, талдау жасаған болатын. Бұл жұмыс аясында сондай-ақ станцияны Алматы қаласының газ желісіне қосудың техникалық шарттары да қарастырылды. Алдын-ала жүргізілген зерттеудің материалдары қазіргі уақытта компанияның Инвестициялық-инновациялық кеңесі мен Басқармасына жіберілді. Бұл орайда, қаржыландыру көздерін айқындауға қатысты сұрақтар, соның ішінде, бюджет қаражаты ма, әлде Қордың қаражаты ма, деген сұрақтар қазір талқылану үстінде. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_131020_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_131020.pdf – орыс тілінде. [2020-10-13]