"Марганец Жайрема" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
09.10.20 08:47
/KASE, 09.10.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Марганец Жайрема" АҚ ("Марганец Жайрема" АҚ, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 500 000 дана;
- компанияның 12 025 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ болып табылады.
[2020-10-09]