07 қазаннан бастап америка Құрама штатының Қаржы министрлігінің US912810FJ26 (US_04_2908) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

07.10.20 11:54
/KASE, 07.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 07 қазанынан бастап Америка Құрама Штатының Қаржы министрлігінің US912810FJ26 ($11 179,0 млн, 16.08.99 – 15.08.29; жартыжылдық купон, жылдық 6,125 %; actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізілді. Аталмыш облигацияларға рұқсат ету бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Негізгі биржа - New York Stock Exchange. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) US_04_2908 берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/gsecs/show/US_04_2908/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2020-09-30]