"HALYK FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "SKYBRIDGE INVEST" АҚ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА БАҒА АУҚЫМЫН ЖАҢАРТҚАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

06.10.20 19:10
/KASE, 06.10.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада және әрі қарай – "Halyk Finance" АҚ) келесі мазмұндағы хабарламаны ұсынды: ... Осы хабарламамен "Halyk Finance" АҚ және "SkyBridge Invest" АҚ "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) (әрі қарай-Эмитент) шет елдік заңға сәйкес шығарылған еурооблигацияларды (әрі қарай – Еврооблигациялар) алғашқы орналастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдағаны туралы хабарлады. Барлық өтінімдер инвесторлардан Қазақстан қор биржасына "Жазылым" сауда-саттық жүйесі арқылы қабылданады. Әлеуетті инвесторлардан Қазақстан қор биржасына "Жазылым" сауда- саттық жүйесі арқылы өтінім қабылдау бір уақытта шет елдік мемлекет аумағында еурооблигацияларды еурооблигацияларды орналастыру бағасын анықтау жағдайында, бағалы қағаздардың тиісті нарығына тиесілі ерекшеліктерді ескере отырып, орналастырумен басталады. Бірлескен менеджерлер мен бірлескен Букраннерлер: Halyk Finance, J.P. Morgan (B&D), MUFG және SkyBridge Invest. ... Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1443682/ мекен-жайында танысуға болады. [2020-10-06]