"Самұрық-Энерго" АҚ шардара ГЭС-ін жаңғыртуды толық аяқтады

06.10.20 14:17
/KASE, 06.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 06 қазанында Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Жалпы құны 38 млрд. теңгелік жоба аясында станциядағы төрт гидроагрегаттың бәрі де ауыстырылды. Жаңа гидроагрегаттар су электр станциясында электр өндіруді жылына 480-нен 537 млн. кВт*сағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрылысты австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы жүргізді. Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуаттылығын 100 МВт-тан 126 МВт-қа арттырды. Қазақстандық электр энергетикалық холдинг мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_061020_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_061020.pdf – орыс тілінде. [2020-10-06]