"Fincraft Capital" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
06.10.20 11:32
/KASE, 06.10.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Fincraft Capital" АҚ ("Fincraft Capital" АҚ, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 131 250 дана;
- компанияның 99 626 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады.
[2020-10-06]