"Amanat" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
06.10.20 10:50
/KASE, 06.10.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Amanat" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 500 000 дана;
- компанияның 1 930 000 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ болып табылады.
[2020-10-06]