KASE Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен ұлттық валютамен күн ішіндегі өтімділікті тартуды мақұлдады

02.10.20 10:49
/KASE, 02.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесі 2020 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі арқылы ұлттық валютамен күн ішіндегі кепілсіз өтімділікті "овердрафт" беру арқылы өтімділікті тартуды мақұлдады. Қандай да бір клирингілік қатысушы негізгі клирингілік сессия қорытындысы бойынша 17.00 ALT өзінің міндеттемесін орындамаған жағдайда, күн ішіндегі өтімділікті ұсыну Биржаға белгіленген мерзімде негізгі клирингілік сессия бойынша белгіленген уақытта – 18.00 ALT дейін клирингілік қатысушылар алдында өзінің міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді. Кейінірек мұндай клирингілік қатысушы қосымша сауда-саттық сессиясына қатысу және өзінің 17.00 ALT дейін орындалмаған позициясын реттеу мүмкіндігіне ие болады. Осыдан кейін қосымша клирингілік сессия аясында ағымдағы күні орындалуы тиіс, ондай қатысушының соңғы нетто-талабы немесе нетто-міндеттемесі негізгі және қосымша сессияларда оның лбарлық операцияларын ескере отырып, анықталады. Соынмен, аталмыш мақсаттар үшін күн ішіндегі өтімділікті алу мүмкіндігі Биржаға орталық контрагент ретінде клирингілік қатысушыларға сапалы және ыңғайлы есептік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Биржаның Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен Биржаның күн ішіндегі өтімділігін "овердрафт" тартуы KASE міндеттемесінің күні бойы Биржаның жеке капиталының он және одан да көп пайызын құрайтын шамасына ұлғаюына сондай-ақ, ірі мәміле жасауға алып келуі мүмкін, күн ішіндегі өтімділікті ұсыну туралы келісім-шартты мақұлдады. [2020-10-02]