/KASE, 02.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2020 жылдың 08 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы
Қаржы миинстрлігінің халықаралық облигацияларының келесі үш
шығарылымы облигациялары жартылай қамтамасыз ету жағдайында
орталық контрагентпен мәмілеге жіберілген қаржы құралдарының тізімі (Т+
тізімі) және жартылай қамтамасыз ету мәмілелері бойынша міндеттемені
қамтамасыз ету жағдайын ескере отырып, қаржы жұралдарының тізіміне
(Т+ қамтамасыз ету тізімі) енгізілді:
- RU000A101RP4 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_15_2309;
1 000 рубль, 20,0 млрд рубль, 23.09.20 – 20.09.23; жартыжылдық купон,
жылдық 5,40 %; actual/365);
- RU000A101RV2 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_16_2709;
1 000 рубль, 10,0 млрд рубль, 23.09.20 – 15.09.27; жартыжылдық купон,
жылдық 6,55 %; actual/365);
- RU000A101RZ3 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_17_3009;
1 000 рубль, 10,0 млрд рубль, 23.09.20 – 11.09.30; жартыжылдық купон,
жылдық 7,00 %; actual/365).
Қаржы құралдарының Т+ тізімі мен Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі
KASE интернет-сайтында–
http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf жарияланған.
[2020-10-02]