"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі АҚ ZOLOTO NOMADOV Invest – өмірді инвестициялық сақтандыру жаңа өнімін іске қосты

01.10.20 19:03
/KASE, 01.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 04 қазанындағы баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы «Сбербанк» АҚ ЕБ өмірді инвестициялық сақтандырудың ZOLOTO NOMADOV Invest – жаңа өнімінің іске қосылуы туралы хабарлайды ZOLOTO NOMADOV Invest – бұл қаржы құралдарына қаражатты инвестициялау жолымен сақтандыру қорғанысы (өмірді сақтандыру) мен капиталды жинақтаудың үйлесімділігін білдіретін unit-linked классикалық өнімі немесе өмірді инвестициялық сақтандыру. Қарапайым жинақтаушы сақтандырудан немесе кепілдендірілген табыстылығы бар депозиттен айырмашылығы, клиенттерге инвестициялау стратегиясын өздері таңдауға мүмкіндік береді. ZOLOTO NOMADOV Invest қаржы нарығының басқа өнімдерінің алдында бірқатар артықшылықтарға ие: өмірді сақтандыру, валютамен жинақтау және мүліктік даулар кезінде инвестицияланған ақшаға қол сұғылмаушылық, сондай-ақ бағдарлама аяқталғаннан кейін шартта көрсетілген тұлғаларға төлеу. Ең бастысы, «ZOLOTO NOMADOV Invest»-тегі активтер құнының өсімі салық салудан босатылды. Клиентті таңдауға «АҚШ-тың 500 ірі компаниясы», «АҚШ-тың көгілдір фишкалары», «Қытайдың қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау», «Энергетика», «Алтын өндіру» сияқты ірі және сенімді әлемдік компаниялардың басқаруындағы инвестициялық портфельдердің табыстылығы мен тәуекелдері тұрғысынан ең қызықты 7 портфелі ұсынылған. цитата соңы Баспасөз м»лімдемесінің толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_011020_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-10-01]