"Самұрық-Энерго" АҚ 18,5 млрд теңгеге 2020 жылға шығындарын оңтайландырды

30.09.20 19:00
/KASE, 30.09.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 30 қыркүйегінде Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы шығыстары мен күрделі сипаттағы шығыстары 2020 жылы 18,5 млрд. теңгеге қысқартылды. Қысқарту шаралары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда. Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту, компаниялардағы басшылық лауазымдар мен вакансияларды қысқарту тұрғысынан ұйымдық құрылымдарын қайта қарау және т.б. 2020 жылға жоспарланған шығыстарды талдау қорытындысы бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ консультациялық, аудиторлық және заңгерлік қызметтермен, бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеумен және жаңартумен, резерв жасау және автокөлікті ұстау шығындарымен байланысты және өзге де ағымдағы шығыстарын қысқартты. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_300920_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_300920.pdf – орыс тілінде. [2020-09-30]