30 қыркүйектен бастап "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ KZ1C00007665 (TPIB) жай акциялары KASE балама алаңының "акциялар" секторына енгізілді

30.09.20 15:29
/KASE, 30.09.20/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 29 қыркүйегіндегі шешімімен " "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) KZ1C00007665 (TPIB) жай акциялары KASE балама алаңының "акциялар" секторына енгізілді. Листингілік комиссияның аталмыш шешімі 2020 жылдың 30 қыркүйегінен бастап күшіне енгізілді. Аталмыш акциялармен KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш ақпараттың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет- сайтында http://kase.kz/ru/issuers/TPIB жарияланған. [2020-09-30]