07 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің үш шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

30.09.20 12:23
/KASE, 30.09.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 07 қазанынан бастап Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізілді: - RU000A101RP4 (KZ_15_2309; 1 000 рубль, 20,0 млрд рубль, 23.09.20 – 20.09.23; жартыжылдық купон, жылдық 5,40 %; actual/365); - RU000A101RV2 (KZ_16_2709; 1 000 рубль, 10,0 млрд рубль, 23.09.20 – 15.09.27; жартыжылдық купон, жылдық 6,55 %; actual/365); - RU000A101RZ3 (KZ_17_3009; 1 000 рубль, 10,0 млрд рубль, 23.09.20 – 11.09.30; жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %; actual/365). Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта жарияланады. [2020-09-30]