"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00002194 (SKKZb23) облигациялары айналыс мерзімі аяқталуына байланысты KASE реми тізімінен алып тасталды

24.09.20 09:45
/KASE, 24.09.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00002194 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb23; 1 тенге, 75,0 млрд тенге; 24.09.10 – 24.09.20, жарты жылдық купон, жылдық 6,5 %, 30/360) облигациялары 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап айналыс мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғаны туралы хабарлайды. Атылмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2010 жылдың 24 қыркүйегінен бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына енгізілді. Аталмыш облигациялардың сауда- саттықтары 2010 жылдың 08 қазанында басталған. [2020-09-24]