Банк ВТБ Еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ ВТБ тобы "АК Алтыналмас" АҚ құрамына кіретін компаниялар тобын қаржыландырудың екінші кезеңін ашқаны туралы хабарлады

22.09.20 18:19
KASE, 22.09.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ Еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 22 қыркүйегіндегі ақпараттық хабарламасын ұсынды: цитата басы ВТБ «Алтыналмас» компаниялар тобына кредиттеудің жалпы желісін 1 100 000 000 еуроға дейін ұлғайта отырып, 640 000 000 еуроға дейін қаржыландырудың екінші кезеңін ашты. ВТБ Тобы «АК Алтыналмас» АҚ құрамына кіретін компаниялар тобына 640 000 000 еуроға дейін кредит берді. Осылайша, жалпы кредиттік желі 1 100 000 000 еуроны құрады. Қаржыландыру «Алтыналмас» тобына: жаңа кәсіпорындар құрылысы және активтер базасын кеңейту бизнесін дамытуды қолдау үшін берілді. Алынған қаражат «ҚАЗАҚАЛТЫН ТБК» АҚ активтерін «АК Алтыналмас» АҚ компаниясымен шоғырландыруды аяқтауға, қуаттылығы жылына 5 млн тонна кен өндіретін «Мизек» жобасын іске асыру, 2021 жылдан бастап алтын өндірісін жылына 500,000 унциядан жоғары деңгейге арттыру және қолдауға, компанияның қарыз портфелін оңтайландыруға, сондай-ақ күрделі құрылыс және өндірістік қуаттылық пен шикізат базасын ұлғайтуға арналған бірқатар бағдарламаларға жұмсалады. цитата соңы [2020-09-22]