/ҚАЙТАЛАУ/ 2020 ЖЫЛДЫҢ 23 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП KASE KAZPRIME БАНКАРАЛЫҚ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ЕСЕПТЕСУЛЕРІН ТОҚТАТАДЫ

23.09.20 09:30
/KASE, 23.09.20, 18.09.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KazPrime қазақстандық банкаралық депозиттер нарығы индикаторларының мәнін KASE интернет сайтында есептеуді және жариялауды тоқтататынын хабарлайды. KazPrime Индикаторы Қазақстан несие сапасы үшін банктердің арасында банкаралық нарық депозитін орналастыру кезінде (қазақстандық теңге) үздік болып табылатын ақша құны көрсеткіші болып табылады. KazPrime Индикаторы 2007 жылдың 27 наурызынан бастап, 2020 жылдың 20 наурызында қол қойылған, KazPrime индикаторын қалыптастыру туралы Келісім негізінде (әрі қарай - Келісім) қолданысқа енгізілген және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес (әрі қарай – Қатысушылар), Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асырушы коммерциялық банктер қол қойған келісім негізінде қолданысқа енгізілді. Қатысушылар Келісімге сәйкес өзінің баға белгілеулерін (мөлшерлемесін) өзінің банкаралық депозитін орналастыру және тарту бойынша KASE сауда-саттық жүйесіне шығарды. Келісімге Қатысушылар саны төрттен кем емес және оннан аспауы тиіс. Аталмыш Келісім оған кем дегенде төрт Қатысушы болған жағдайда, қолданыста болады. KazPrime индикаторы қолданысқа енгізу сәтінде Келісімге қол қойған алты банк қатысты. Бүгінгі таңда Қатысушылар саны төртке дейін қысқарды. KazPrime индикаторын KASE интернет сайтында есептеу және жариялау тоқтатылды, себебі, 2020 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасына Қатысушылардың бірінен өтініш келіп түсті, онда KASE 2020 жылдың 23 қыркүйегінен бастап, Келісімнен шыққаны туралы хабарлады. Сонымен, келісімге қатысушылар саны үшке дейін қысқарды, ол Келісімнің шарттарына қарама-қайшы келеді. KASE таяу уақытта Келісімге жаңа қатысушылардың қосылуына және KazPrime индикаторын қалыптастыруды қалпына келтіруге бағытталған кешенді шараларды жүргізеді. [2020-09-23]