ВТБ "АК Алтыналмас" АҚ құрамына кіретінғ компаниялар тобын қаржыландырудың екінші кезеңін ашты

22.09.20 17:52
/KASE, 22.09.20/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 22 қыркүйегіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы ВТБ тобы «Алтыналмас АК» АҚ құрамына кіретін компаниялар тобына көлемі 640,000,000 еуроға дейінгі несие берді. Осылайша, жалпы несиелік желі 1,100,000,000 еуроны құрады. Қаржыландыру «Алтыналмас» тобына бизнесті дамытуды қолдау үшін берілді: жаңа кәсіпорындар салу және активтер базасын кеңейту. Алынған қаражат «ҚАЗАҚАЛТЫН ТМК» АҚ активтерін «Алтыналмас АК» АҚ-мен шоғырландыруды аяқтауға, қуаты жылына 5 миллион тонна кенді құрайтын «Мизек» жобасын іске асыруға, 2021 жылдан бастап жылына 500,000 астам унция алтын өндіру көлемін арттыру мен ұстап тұруға, компанияның борыштық портфелін оңтайландыруға, сондай-ақ күрделі құрылыс бойынша бағдарламалар қатарын, өндіріс қуатын және шикізат базасын ұлғайтуға бағытталатын болады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_reliz_220920_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-09-22]