"Самұрық-Энерго" АҚ Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 тарифтері туралы ақпарат ұсынды

21.09.20 12:59
/KASE, 21.09.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 21 қыркүйегінде Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы «Самұрық-Энерго» АҚ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова қойған кейбір сұрақтар бойынша түсіндірме беру қажет деп санайды. Естеріңізге сала кетейік, жуырда электр энергиясы нарығының проблемаларын талқылау барысында кәсіпкерлерге «Екібастұз ГРЭС-1-дің арзан электр энергиясына ГРЭС-2-нің анағұрлым қымбатын» таңып отыр деп электр энергетикалық холдингтің атына айыптаулар айтылған болатын. Оның үстіне, компания электр энергиясын тікелей өзі сатпай, жеке делдалдар – энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арқылы сатып отыр деп атап көрсетілді. Делдалдар арқылы сатуға қатысты мынаны атап өту қажет: еліміздің барлық электр станциялары, өндірушілер ретінде, өздерінің электр энергиясын сату көлемін ұлғайтуға мүдделі. Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2 ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сай тұтынушылардың бәріне де тең жағдай жасайды. Электр энергиясын жеткізу тұтынушымен тікелей жасалған шарт бойынша ма, әлде энергиямен жабдықтаушы ұйым арқылы іске асырылып жатыр ма, оған еш қатыссыз, станциялар көтерме нарық субъектілеріне бірдей қарайды. Көтерме нарық субъектілерінің бәрі де электр станцияларына келе алады, ал станциялар оларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2 ұлттық деңгейдегі маңызға ие станциялар. Олар бір тізбекте істей отырып электр энергиясын тұтынушыларға тұрақты жеткізіп береді. Одан тыс, екі станция шекаралас елдердің энергия жүйелерімен қатарласа жұмыс істей отырып, еліміздің энергия жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_150920_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_150920.pdf – орыс тілінде. [2020-09-15]