Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "Tengri Bank" АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырды
18.09.20 12:13
/KASE, 18.09.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Tengri Bank" АҚ 2020 жылдың 18 қыркүйегінде
Қазақстан қор биржасына баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
(Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
(бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі No80
қаулысымен төлем және аударым операциялары бойынша шарттық
міндеттемелерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш
және одан да көп рет) тиісінше орындамағаны және пруденциалдық
нормативтер мен басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді
бұзғаны үшін "Tengri Bank" АҚ-ны (бұдан әрі – Банк) 2007 жылғы 24 қазанда
берілген No213 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы
қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан
айыру туралы шешім қабылданды.
Агенттік төрағасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі No360 бұйрығымен
мүліктің сақталуын және Банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-
шараларды жүзеге асыру өкілеттіктері беріле отырып, Банктің уақытша
әкімшілігінің құрамы тағайындалды.
Барлық сұрақтар бойынша Банктің уақытша әкімшілігіне хабарласуға
болады:
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық
ауданы, Абай даңғылы, 42-үй
Call center:+7 (727) 244 34 34
Электрондық пошта мекенжайы: info@tengribank.kz
цитата соңы
[2020-09-18]