ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ЖАЗЫЛЫМ АЯСЫНДА "SINOASIA B&R (СИНОАЗИЯ БИЭНДАР)" САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ АҚ KZ1C00005388 (SABR) 8 500 ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БІР АКЦИЯҒА 16 200 ТЕҢГЕДЕН ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

16.09.20 22:29
/KASE, 16.09.20/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) KZ1C00005388 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, SABR) жай акцияларының орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - BCC Invest" АҚ (Алматы) болады. Барлығы сатуға 12 000 акция ұсынылды. Жазылым нәтижесі бойынша есептесулер жүргізу күні –2020 жылдың 16 қыркүйегі. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Барлығы сауда-саттық жүйесіне 8 500 акцияны сатып алуға бір өтінім келіп түсті(ұсынымнан 70,8 %), ол өтінімді жинақтау аяқталар сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінім бағасы бір акцияға 16 200,0 теңгені құрады. Белсенді өтінім бойынша жиынтық сұраным 137 700 000,0 теңге. Жазылым нәтижесі бойынша 8 500 акцияны 16 200,0 теңгеден сатып алуға өтінім қанағаттандырылды. Орналастырудың жиынтық көлемі 137 700 000,0 теңге. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша жазылым нәтижесінде жасалған барлық мәмілелер осы ақпаратты жариялау сәтіне орындалып, жазылым аяқталды. [2020-09-16]