/KASE, 14.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің
сауда-саттық жүйесінде 2020 жылдың 15 қыркүйегінде жазылым жүргізу
арқылы "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" сақтандыру компаниясы АҚ
KZ1C00005388 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, SABR) жай
акцияларының орналастырылуы жүзеге асырылады.
Эмитент рейтингін S&P, Moody’s және Fitch агенттігінен AAA/Aaa/AAA
рейтингіне ие, болжам "тұрақты".
Аталмыш акцияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Банк
ЦентрКредит" еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болады.
Орналастырылатын акциялардың саны – 12 000 дана.
Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 15 қыркүйегі күні
алматы уақытымен сағат 10:30-дан бастап 12:30-ға дейін. (ALT).
Жазылым жүргізу кезіндегі бағалы қағаздың коды – SABR. Жазылым
аясында KASE сауда-саттық жүйесіне берілген тек шектеулі өтінімдер
қабылданады.
Сатып алушылар үшін акциялардың максималды санына берілген
өтінімдердің шарттарында шектеулер көрсетілмеген.
Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2020 жылдың
15 қыркүйегі. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну
күні – 2020 жылдың 15 қыркүйегі; есеп айырысу күні - 2020 жылдың
16 қыркүйегі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
жүзеге асырылады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде келесі
мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар
болса) атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.
Акцияларға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат KASE интернет-
сайтында
http://kase.kz/ru/shares/show/SABR мекен-жайында жарияланған.
[2020-09-14]