Tethys Petroleum Limited компаниясы өзінің қызметі туралы жаңартылған ақпарат ұсынды

09.09.20 17:24
/KASE, 09.09.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Tethys Petroleum Limited компаниясы (Кайман Аралдары) Биржаға ұсынған 2020 жылдың 09 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды. ... Үлкен Кайман, Кайман аралдары – Tethys Petroleum Limited (TSXV: TPL) ("Tethys" немесе "Компания") жаңартылған корпоративтік жаңалықты ұсынады. Операцияны жаңарту Tethys Компаниясы KBD-02 (Климена) скважинасының пайдалану сынағының соңғы мәліметтеріне негізделген, Gustavson Associates компаниясының қорлары бойынша жаңартылған есебін алды. Төменгі алдын ала бағалауға сәйкес, юрк аймағының шартты-рентабельді ресурстары 39 миллион баррельге бағаланады, үздік бағалауға сәйкес, шартты-рентабельді ресурстары 168 миллион баррельге бағаланады, ал үстіңгі алдын ала көрсеткіші шартты-рентабельді ресурстарды 406 миллион баррелге бағалады. Қазіргі уақытта аталмыш көлемі кен орнын өңдеу жоспары және даму экономикасын бағалау аяқталғанға дейін, қор ретінде емес, шартты-рентабельді ресурстары ретінде сараланады. ... Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: - https://kase.kz/files/emitters/KY_TPL_/ky_tpl__reliz_090920_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KY_TPL_/ky_tpl__reliz_090920_eng_1.pdf – ағылшын тілінде жарияланды. [2020-09-09]