"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі АҚ және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ "БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында келісімге қол қойды

04.09.20 09:49
/KASE, 03.09.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 03 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы 03 қыркүйек күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ пен «Сбербанк» АҚ ЕБ арасында «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасына микронесиелеу бағыты бойынша енгізілген өзгерістер аясында портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімге қол қойылды. Енгізілген өзгерістер бойынша, бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеулерсіз қатыса алады. Номинал сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспауы тиіс. Кәсіпкер төлейтін несие пайызы жылына 6%-ды құрайды. Номинал мөлшерлеме мен қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме арасындағы айырманы мемлекет субсидиялайды. Үкіметтің шешімі бойынша, мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және несие мен микронесие бойынша ішінара кепілдік беруді «Даму» Қоры арқылы жүзеге асырады. Осылайша, несие беру жайлы шешімді банк немесе микроқаржы ұйымы қабылдайды. Ал несиені субсидиялау және кепілдік беру туралы шешім хабарлама сипатында болады. цитата соңы [2020-09-03]