02 қыркүйекте "Бастапқы орналастырулар қоры" ЖҮИҚ KASE сауда-саттық жүйесінде RU000A101NK4 (RU_UKFFipo) 490 00 үлеспұлы 10,4 млн АҚШ долларына сатылды

03.09.20 13:27
/KASE, 03.09.20/ – 02 қыркүйекте Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда- саттық жүйесінде "Бастапқы орналастырулар қоры" ЖҮИҚ жабық үлеспұл инвестициялық қорының нарықтық құралдары RU000A101NK4 ("Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, RU_UKFFipo) үлеспұлдарын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болды. Орнаалстыруға барлығы 490 000 үлеспұл ұсынылды. Сауда-саттықтың заты ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, бір үлеспұлдың бағасы болды. Өтінім көлемі үлеспұлдың өтінімінде көрсетілген үлеспұл саны мен үтірден кейінгі екінші таңбасына дейінгі дәлдікпен АҚШ долларымен көрсетілген, туындысына тең. Мәмілелер бойынша есептеулер АҚШ долларымен жүзеге асырылды. Өтінімдерді жинау кезеңі аяқталған сәтте KASE сауда-саттық жүйесіне 1 188 өтінім келіп түсті, олардың 396 белсенді деп танылды. Сонымен, заңды тұлғалардың үлесіне белсенді өтінімдердің көлемі 8,2%, жеке тұлғалардың үлесіне – 91,8 %. Белсенді өтінімдердің берілген бағасы бір үлеспұлға 21,2 АҚШ долларын құрады. Белсенді өтінімдер бойынша жиынтық сұраным 11 224 679,2 АҚШ долларын құрады. Сауда-саттық қорытындысы бойынша жалпы көлемі 10 388 000,0 АҚШ доллары ((ҚР Ұлттық Банктің бағамы бойынша балама 4 355 065 120,03 теңге), 490 000 үлеспұлды сатып (ұсынылған көлемнің 100 %), сатушы 373 өтінімді 21,2 АҚШ долларымен қанағаттандырды (ҚР Ұлттық Банктің бағамы бойынша балама 8 887,9 теңге). "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша сауда-саттық қорытындысы бойынша барлық мәмілелер аталмыш ақпарат орындалар сәтте орындалды, сонымен тарту көлемі бойынша 8,9 % заңды тұлғалар сатып алды, 91,1% – жеке тұлғалар сатып алды. [2020-09-03]