/KASE, 28.08.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және
бағалы қағаздарды бағалау комитет Қор нарығының индикаторларын
есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2020 жылдың 01 қыркүйегінен
бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеуге арналған өкілетті
тізімге келесі облигацияларды енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00006211 (BASPb4) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ;
2) KZ2C00006328 (BASPb5) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
3) KZ2C00006336 (BASPb6) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
4) KZ2C00006476 (BASPb7) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
5) KZ2C00006484 (BASPb8) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ
6) KZ2C00002855 (HSBKb18) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ;
7) KZ2C00006385 (KAFIb9) "ҚазАгроҚаржы" АҚ;
8) KZ2C00006344 (TCOMb1) "Транстелеком" АҚ.
Аталмыш облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.
Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын
есептеуге арналған өкілетті тізімдерді қайта қарап отырады:
1) негізгі сауда-саттық алаңының (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза
бағалар индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы;
2) альтернативті сауда-саттық алаңының (серия KASE_BA*) –KASE_BAC
таза бағалар индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы.
2020 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясы
индикаторларының өкілетті тізімі 36 атаудағы облигациялардан тұратын
болады.
KASE_BA* сериясы индикаторларының тізіміне енгізетін альтернативтік
сауда-саттық алаңының облигациялары жоқ.
KASE_BA* сериясының индикаторларын есептеу 2018 жылдың
26 қаңтарынан бастап, аталмыш индикаторларды есетеу үшін іріктелімнің
жоқ болуына байланысты, тоқтатылғанын еске саламыз, себебі Әдістемеге
сәйкес корпоративтік облигациялардың саны төрттен кем болмауы тиіс.
Аталмыш тізімдерді KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен-жайында
қарауға болады.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған –
http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2020-08-28]