/KASE, 27.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2020 жылдың 28 тамызындағы шешімімен Еуропа даму банкі
KZ2D00006939 (1 000,0 теңге; 40,0 млрд теңге; 2 жыл; жылдық купон,
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық
қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE ресми
тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы
бойынша енгізуге келісім берілді.
Аталмыш облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Қазақстан Халық
банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор
биржасында қосымша жарияланады.
Осы облигацияларға EABRb12 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/issuers/EABR/ жуырдағы уақытта
жарияланады.
[2020-08-27]