"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

25.08.20 17:49
/KASE, 25.08.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр- Сұлтан) 2020 жылдың 25 тамызында болып өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына келесідей өзгертулер енгізілгені туралы мәлімдеді: цитата басы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Директорлар кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталғанына байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) Басқармасы 2020 жылғы 17 тамыздан бастап жұмыс істейтін Директорлар кеңесінің төмендегі құрамын бекітті: Кристофер Джон Уолтон, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор; Айдарбаев Алик Серікұлы, ҚМГ Басқарма төрағасы; Тим Г. Миллер, тәуелсіз директор; Филип Малькольм Холланд, тәуелсіз директор; Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, Қор өкілі; Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы, Қор өкілі; Энтони Эспина, Қор өкілі. Жоғарыда аталған директорлар Қордың Корпоративтік басқару кодексінің ротация жоспарына сәйкес 3 жыл мерзімге сайланды. Директорлар кеңесінің алдыңғы құрамында тоғыз адам болғанын айта кеткен жөн. Кристофер Уолтон, Ұзақбай Қарабалин, Алмасадам Сатқалиев, Энтони Эспина және Алик Айдарбаев ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өз қызметін жалғастырады. Компания бұған дейінгі Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне, атап айтқанда Балжит Каур, Стивен Уайт, Филип Дайер және Луиса Палья да Силваға атқарған жұмыстары және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді. цитата соңы Осы ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_250820_1.pdf [2020-08-25]