27 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы" АҚ KZ2P00006877 (MFOKb1) облигациялары бойынша сауда-саттықтар ашылады

26.08.20 11:38
/KASE, 26.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 27 тамызынан бастап "ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2P00006877 (KASE альтернативті сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb1; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 20.08.20 – 20.08.22, тоқсандық купон, жылдық 19,00 %; 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттықтары ашылатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулерінің дәлдігі, номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb1/. [2020-08-26]