/KASE, 26.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың
27 тамызынан бастап "ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы" АҚ (Алматы)
KZ2P00006877 (KASE альтернативті сауда-саттық алаңы, "облигациялар"
санаты, MFOKb1; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 20.08.20 – 20.08.22, тоқсандық
купон, жылдық 19,00 %; 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттықтары
ашылатыны туралы хабарлайды.
Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде баға
белгілеулерінің дәлдігі, номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның
"таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді, баға
белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb1/.
[2020-08-26]