26 тамыздан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00006922 (AGKKb14) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

26.08.20 10:55
/KASE, 26.08.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссияның 2020 жылдың 25 тамызындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006922 (AGKKb14, 1 000 теңге, 30,5 млрд теңге; 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 10,75 %; 30/360) KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 26 тамызынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады – http://kase.kz/ru/issuers/AGKK/ [2020-08-26]