"Самұрық-Энерго" АҚ "ГРЭС-2 Екібастұз станциясы" АҚ шетел валютасындағы міндеттемелері қайта қаржыландырылғаны туралы хабарлады

25.08.20 11:40
/KASE, 25.08.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 25 тамызында Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Самұрық-Энерго" АҚ тең акционерлері болып табылатын "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ жалпы сомасы шамамен 100 млрд. теңге болатын шетел валютасындағы барлық міндеттемелерін қайта қаржыландырды. Осылайша, станция валюталық қатердің бетін толығымен қайтарып, болуы ықтимал курстық шығындарды жойды. Бұл іс-шара ел экономикасының долларға байланыстылығы деңгейін төмендету, Қазақстанның валюталық міндеттемелері мен сыртқы қарыздарын азайту жөніндегі мемлекеттің саясатын қолдау аясында өткізілді. Қайта қаржыландырудың көзі – Қазақстанның аса ірі банкі – "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ. Бұл мәмілені іске асыру Екібастұз ГРЭС-2-ге валюталық қатерді толығымен жоюға, сыйақы мөлшерлемесін бекітуге, кепілдегі жылжитын және жылжымайтын мүлкін толығымен босатып алуға мүмкіндік берді, соның арқасында 1 млрд.теңгеден астам жыл сайынғы ілеспе шығыстар оңтайландырылды. Қосымша мәміле ұлттық валютада бекітілген ұзақ мерзімді қарыз есебінен қорландыру шарттарын жақсартуға және қаржыландыру құрылымын оңайлатуға мүмкіндік берді. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_250820_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_250820.pdf – орыс тілінде. [2020-08-25]