"Самұрық-Энерго" АҚ Алматы және Ақмола облыстарында жел электр станцияларының құрылысы туралы хабарлады

20.08.20 15:59
/KASE, 20.08.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), биржаға жолдаған 2020 жылдың 20 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жаңа екі жоба іске асырылуда. Бұл жерде сөз «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты компаниялар құрылысын бастаған Алматы және Ақмола облыстарындағы жел электр станциялары (ЖЭС) туралы болып отыр. «Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында іске асырылуда. Станция жиынтық қуаты 60 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғыдан, қосалқы станциядан және электр беру желілерінен тұрады. Нысанның өндірістік алаңында құрылыс- монтаж жұмыстары басталды. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы «Энергия Семиречья» ЖШС жүргізуде. ЖЭС-тің құрылысы кезінде 300 жұмыс орнын, ал станция пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты түрде 14 жұмыс орнын ашу көзделген. ЖЭС жылына 225 750 мың кВтсағ. электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Компания мамандарының сөзінше, жел энергетикалық қондырғыларын суық континенталдық климат (– 30...+43 С), сейсмикалық белсенділігі 10 балл және желдің жылдамдығы – II класс жағдайында пайдалануға болады. Жел турбиналары IEC 61400-series «Жел турбогенераторлық жүйелері» халықаралық стандарттарына сәйкес келетін техникалық және экологиялық қасиеттерге ие. цитата соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_200820_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_200820.pdf – орыс тілінде. [2020-08-20]