20 тамыз күні Қазақстан қор биржасында "Микроқаржы ұйымы ОнлайнКазФинанс" ЖШС 4 000 000 KZ2P00006877 (MFOKb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

17.08.20 14:29
/KASE, 17.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 20 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Микроқаржы ұйымы ОнлайнКазФинанс" ЖШС (Алматы) KZ2P00006877 (KASE альтернативті сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb1) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2P00006877 KASE сауда-саттық коды: MFOKb1 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 4 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу күні Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 2 жыл (720 күн) Купон мөлшерлемесі кейінірек анықталады Купонды төлеу мерзімділігі жылына 4 рет Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------- -------------------------------------------- Сауда-саттық күні: 20.08.20 Жарияланған орналастыру көлемі 4 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:30 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:30 Кесім уақыты: 14:00 (Т+0) Төлем уақыты: 20.08.20, 14:00 Өтінімдерді қкесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары өтінімдер кесімделеді Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: бірыңғай кесімді баға бойынша; ASTS+ сауда-саттық жүргізу әдістері туралы Ереженің 28 бабы 6 тармағына сәйкес Сауда-саттық бастамашысы "Фридом-Финанс" АҚ ------------------------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен, жылдық пайызбен көрсетілген купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімде қаржы құралының саны лоттың көлеміне еселі болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген бір облигациялардың санының өтінімде көрсетілген бір облигацияның номиналды құнына көбейтіндісі көрсутілуі тиіс. Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген төлем уақытында қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb1/ мекен-жайында танысуға болады. [2020-08-17]