04 тамыздан бастап "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" Сақтандыру Компаниясы" АҚ KZ1C00005388 (SABR) жай акциялары KASE балама алаңының "акциялар" секторына енгізілді

04.08.20 19:01
/KASE, 11.08.20/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 03 тамызындағы шешімімен "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" Сақтандыру Компаниясы" АҚ KZ1C00005388 (SABR) жай акциялары KASE балама алаңының "акциялар" секторына енгізілді. Листингілік комиссияның аталмыш шешімі 2020 жылдың 04 тамызынан бастап аталмыш эмитенттің KASE ішкі құжаты "Листингілік ережелерінің" 2.2. қосымшасы 5 тарауы 1 тармағының шарттарына сәйкес күшіне енгізілді. Аталмыш акциялармен KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш ақпараттың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет- сайтында http://kase.kz/ru/issuers/SABR жарияланған. [2020-08-04]