/KASE, 10.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің
сауда-саттық жүйесінде 2020 жылдың 17 тамызында жазылым жүргізу
арқылы Еуропа қайта құру және даму XS2214305737 халықаралық
облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады.
Эмитент рейтингін S&P, Moody’s және Fitch агенттігінен AAA/Aaa/AAA
рейтингіне ие, болжам "тұрақты".
Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri
Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болады.
Орналастырылатын облигациялардың саны – 60 000 000 000 теңгеге дейін.
Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды
құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген,
облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға
ретінде "нарық бойынша бағасы" көрсетіледі.
Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде теңгемен көрсетілген
номиналдық көлемі болуы тиіс. Минималды лот 1 000 теңгеге тең. Сатып
алушылар үшін облигациялардың максималды санына берілген
өтінімдердің шарттарында шектеулер көрсетілмеген.
Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналдық
көлемі алдын ала және аталмыш жазылым бастамашысының хабарламасы
бойынша. Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен
саны теңгемен көрсетілуі тиіс.
Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 17 тамызы күні
алматы уақытымен сағат 09:30-дан бастап 11:00-ге дейін. (ALT). Жазылым
аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер
қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %.
Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2020 жылдың
17 тамызы. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні
– 2020 жылдың 17 тамызы; есеп айырысу күні - 2020 жылдың
19 тамызы. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
жүзеге асырылады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке
тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.
[2020-08-10]