06 тамыздан бастап "Транстелеком" АҚ KZ2C00006880 (TCOMb2) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

06.08.20 20:47
/KASE, 06.08.20/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 03 тамызындағы шешімімен "Транстелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006880 (TCOMb2, 1 000 теңге, 18,0 млрд теңге; 12 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 06 тамызынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/TCOM/ [2020-08-06]