"Атамекен-Агро" АҚ 2020 жылдың 28 тамызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізеді

06.08.20 22:29
/KASE, 06.08.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 28 тамызында сағат 15:00 акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - компанияның 2019 жылға қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемін анықтау; - компанияның 2020 жылға аудит жүргізуші компаниясын анықтау туралы. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_annual_shareholders_meeting_info_280820_0378.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-08-06]