/KASE, 06.08.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау), Қазақстан қор биржасына
(KASE), 2020 жылдың 28 тамызында сағат 15:00 акционерлердің сырттай
дауыс беру арқылы жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады.
Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:
- компанияның 2019 жылға қаржылық есептілігін бекіту;
- компанияның 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібін және компанияның
бір жай акциясына дивиденд көлемін анықтау;
- компанияның 2020 жылға аудит жүргізуші компаниясын анықтау туралы.
Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында –
https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_annual_shareholders_meeting_info_280820_0378.pdf
мекен-жайында жарияланған.
[2020-08-06]