"Банк ЦентрКредит" АҚ Astana International Exchange биржасында өз акцияларының кросс-листинг ресімінен табысты өткені туралы хабарлады

05.08.20 17:51
/KASE, 05.06.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк Центркредит" АҚ (Алматы), компанияның қаржылық есеп берушілігі бойынша 2020 жылдың 04 тамызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы ЦентрКредит Банкі Astana International Exchange ( «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасы, AIX) биржасында өз акцияларының кросс-листингі процедурасынан сәтті өтіп, RЕМS-тің жаңа процедураларына сәйкес AIX-тің ресми тізіміне өз акцияларын қосқан алғашқы компания болды. AIX-тегі акциялардың кросс-листингі Банк акцияларының халықаралық инвесторлар үшін қолжетімділігі мен тартымдылығын арттырады. «Кросс-листинг процедурасын жеңілдетілген проспект негізінде жүргізетін RЕМS-тің жаңа ережелерін тестілеуден өткізген бірінші эмитент болу – біз үшін үлкен мақтаныш, - дейді «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов, - Сондай-ақ біз пандемияға байланысты ерекше нарық талаптарына қарамастан, осы ережелерді бірінші болып қолданысқа енгіздік». ЦКБ акцияларының AIX-тегі кросс-листингі Банк акцияларының халықаралық инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады, бұл өз кезегінде Банктің осы бағалы қағаздарының өтімділгін жоғарылатады, өйткені ықтимал инвесторлардың барлығы Қазақстан қор биржасында тіркелмеген болуы мүмкін. AIX-тегі барлық мәмілелер ағылшын құқығы аясында жүргізіледі, бұл дегеніміз шетелдік контрагенттер үшін қазақстандық құралдарға кіру процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_reliz_040820.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-08-05]