"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының есепке алу жүйесінде біріктіру арқылы заңды тұлғаны қайта құру кезінде қаржы құралдарын айырбастау операцияларын тіркеуге бұйрығының орындалғаны туралы хабарлады

04.08.20 17:39
/KASE, 04.08.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі туралы хабарлады. ... 2020 жылдың 30 шілдесінде Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, заңды тұлғаны қайта құру кезінде шығарылған, қаржы құралдарын айырбастау операцияларын тіркеуге арналған бұйрығы орындалды. Қайта құрылған заңды тұлға – Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (ISIN: KZ1C00000637). Қосылған заңды тұлға "Байтерек Девелопмент" АҚ (ISIN: KZ1C00004381). Айналымдағы компанияның жай акцияларының саны қаржықұралдарын айырбастау операцияларынан кейін – 15 301 543 дананы құрайды. ... Толық ақпаратпен - https://kase.kz/files/emitters/KZIK/kzik_shares_sale_300720_11420.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2020-08-04]