"Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ 2020 жылдың бірінші тоқсанына өндірістік есебі туралы хабарлады

03.08.20 17:37
/KASE, 03.08.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (Нұр-Султан) Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 03 тамызында келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстанның вертикалды-интеграцияланған мұнай газ компаниясы "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (әрі қарай – "КМГ", "Компания"), 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына өндірістік нәтижелерін жариялады. 2020 жылғы бірінші тоқсанындағы басты оқиғалар: Мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 11 345 мың тоннаны құрап, 3,1% азайды; Мұнай мен газ тасымалдау сегменті салыстырмалы түрде тұрақты, 4,2% және 9,8% азайып, 37 329 мың тонна мұнай мен 45 172 млн м³ газды құрады; Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 17,1%-ға азайып, 8 290 мың тоннаны құрады. цитата соңы Баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_030820_1.pdf - ағылшын тілінде – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_030820_eng_1.pdf [2020-08-03]